ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Жәрдемдескені және түсінгені үшін алғыс

Павлодар облысының полиция департаментіне уақтылы көрсеткен көмегі үшін облыс тұрғындарынан көптеген алғыс сөздер келіп түседі. Полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы оң пікірлер тікелей полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына түседі, онда аймақ тұрғындары тәртіп сақшыларына уақтылы көмек көрсеткені және жедел әрекет еткені үшін алғыс білдіреді.

Сонымен, кезекті алғыс хат облыс орталығының тұрғыны Ли Алексей Олеговичтен келіп түсті.

- Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде мен әуежайға асығып, пәтерімнің есігін дұрыс жаппай кеттім. Қырағы көрші және учаскелік полицей  Баянбек Байсұлтановтың арқасында  мамыр айында пәтерімді тонаушылардан құтылдым. Инспектор маған телефон соғып, бұл оқиға туралы хабарлап, менің досым келгенге дейін пәтерімді дұрыстап жауып қойды. Полиция инспекторына қырағылығы, көмегі және адами түсіністігі үшін алғыс айтамын-деп хабарламада жазылған екен.

Конституциялық құқықтарды қорғау, азаматтардың өтініштеріне уақтылы ден қою, сондай –ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету әрбір полицейдің қызметтік борышы болып табылады-деп атап өтті полицияда.

Дата публикации
04 мая 2023
Дата обновления
04 мая 2023
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы