
Күн сайын біздің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарымызға жазылушылардан қызметкерлердің жұмысына қатысты алғыс хаттар келіп түседі.Сонымен, @dp_pavlodar парақшасына хабарлама келіп түсті, онда Павлодар қаласының ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкері, атап айтқанда №10 полиция пунктінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Нұржан Қабиденовке павлодарлықты алабай ірі иттің шабуылынан қорғағаны үшін алғыс білдіреді. Ветеринарлық қызмет пен ит иесін шақырғаннан кейін полиция қызметкері хаттама толтырды.
-Учаскелік инспектор Қабиденов Нұржанға осындай жағдайда шұғыл әрекет еткені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Полиция қызметкеріне денсаулық, жұмыста табыс тілеймін- деп жазады қала тұрғыны өз хатында.
Біздің облыс тұрғындарының мұндай пікірлері полиция жұмысының тікелей көрсеткіші болып табылады.