
Айнұр Мұхамеджан ішкі істер органдарында 2011 жылдан бастап қызмет атқарады, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген. Тергеу органдарында қызмет атқарған жылдары ол жеке адамға қарсы қылмыстарға байланысты істерді тергеді.
- Қызметтік міндеттер, әрине, полицейлердің мінезіне әсер етеді. Өз ісіне деген сүйіспеншілік-сәттіліктің басты кепілі екендігіне полицей сенімді.
Көктемгі мереке қарсаңында Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Екібастұз қаласының тұрғыны, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінен алғыс хат келіп түсті. Ол хатында кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілік және бірнеше кәмелетке толмаған балаларға қатысты тонау фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізген полиция капитаны Екібастұз қаласы ПБ тергеу бөлімі бастығының жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі орынбасары Айнұр Мұхамеджанға шын жүректен алғысын білдірді. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша қылмыскерге жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу тағайындалды. 28 жастағы сотталушыға зорлық-зомбылық құрбанына келтірілген моральдық зиян үшін 8 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Екінші сотталушы тонау қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Әйел өз хатында полиция капитанын тергеу кезінде балаларға деген нәзік қарым-қатынасты, түсіністік пен моральдық қолдау көрсеткенін атап өтті. "Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, қажырлы еңбегіңізде табандылық тілеймін!- деп жазды заңды өкіл.