
Полицейлердің жұмысы туралы оң пікірлер әлеуметтік желілерде жиі жарияланады.
"Іnstagram" парақшасында тағы бір алғыс жарияланды, онда қала тұрғыны Павлодар қаласының ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысы Тұрыжанов Расул Рашитұлына алғысын білдіреді.
Расул Рашитұлы алимент бойынша борышкерді анықтау туралы істі тергеу фактісі бойынша өз лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби түрде орындаған.
Расул Туружанов өз жұмысын сауатты және жедел жүргізді, жоғары кәсібилік біліктілігін көрсетті және менің ұзаққа созылған мәселемді тез арада шешіп өз қызметтік міндетін орындады,- делінген хатта.
Қала тұрғындарының мұндай пікірлері полиция қызметкерлерінің жұмысының көрсеткіштері болып табылады.