ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қызмет үшін алғыс

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына павлодарлық Андрей Командиннен алғыс хат келіп түсті.               

Андрей Валерьевич өз хатында "639" экипажының автопатрулінің қызметкерлері полиция аға лейтенанты Ринат Игликовке және полиция кіші лейтенанты Рамазан Сағындықовқа өз алғысын білдіреді.

- 28 желтоқсанға қараған түні жеке сектор көшесінде алабай тұқымды ит жүгіріп адамдарға секірген. Аялдамада тұрған екі адам адамдарға секірген итті қалай тыныштандыратынын білмей, полицияға  қоңырау шалған. Келген полицейлер өз өмірлерін қатерге тігіп, иттің иесін іздеп тауып, иесі итті үйіне алып кеткен, - делінген хабарламада.

Ризашылық білдірген қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне  өз алғысын білдіріп, қызметтерінде сәттілік тілеген.

- Ризашылықтың себептері әртүрлі, бірақ ең маңыздысы полицейлердің жұмысы назардан тыс қалмайды.  Өйткені, мұндай хаттар-полицияның білікті кәсіби қызметінің ең жақсы дәлелі,-деп атап өтті полицейлер.

 

Дата публикации
24 января 2023
Дата обновления
24 января 2023
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы