ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Полиция қызметкерлеріне алғыс!

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына күн сайын өңір полицейлеріне алғыс хаттар келіп түседі.

Келесі алғыс хат Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі Тоқтаров Әлібек, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Аленов Алмаз, сондай-ақ жедел криминалистикалық топтың криминалисі Әлібеков Линардың атына келіп түсті.

- 06 желтоқсанда қала тұрғыны "iPhone-11" маркалы ұялы телефонын жоғалтып, оны өзі іздеген, бірақ телефон өшірулі болғандықтан, телефонның жоғалғаны туралы полицияға хабарладым. Полиция қызметкерлері дереу менің телефонымды іздеуге кірісті. Нәтиже көп күттірмеді, полиция қызметкерлері телефонды тауып, маған қайтарды, - деп жазды қала тұрғыны.

Өтініш беруші танысының көлігімен белгіленген жерге жетіп,  кейін  ұялы телефонның жоғалғанын анықтады. Ол полициядан көмек сұрауға шешім қабылдады, полицейлер көлік иесіне хабарласып, көліктің салонын қарады. Белгілі болғандай, телефон көлік орындықтарының арасына түсіп кеткен. 

Полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында ұялы телефон табылды.

- Жақсы және жедел жұмыс үшін полицейлерге рақмет айтамын. Сіздерге зор денсаулық және қызметте сәттілік тілеймін,- деп жазады қала тұрғыны.

Дата публикации
21 декабря 2022
Дата обновления
21 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы