ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Жүргізушілер жолдардағы аязда көмек көрсеткен полицейлерге алғыс білдіреді

Еліміздің көптеген өңірлерінде аязды ауа-райы орнады, бұл жүргізушілердің ұзақ сапарда кездескен мәселелерін одан әрі ушықтыра түсті. Осы демалыс күндері Павлодар облысында термометр минус 35 градусқа жетті. Өткен демалыс күндері ғана инстаграм аккаунтына @dp_pavlodar тікелей эфиріне полицияға, қолайсыз ауа-райында тәртіп сақшыларының көмегімен  қала маңындағы тас жолдарда аман қалған саяхатшылардан ондаған алғыстар келіп түсті.

- Менің «Газелім»  Павлодар мен Екібастұз арасындағы тас жолда бұзылды. Кем дегенде 2 сағат тұрды, қозғалтқыш кептеліп қалды. Бақытымызға орай, жолды күзетіп жүрген полицейлер жақындап, бізге көмек көрсетті, жақын маңдағы кафеге жеткізді. Көп рахмет! – деп, ризашылық білдірген мұндай бейнені автокөлік жүргізушісі жіберді.

Жүк көлігі қатты аяздың салдарынан бұзылып, алыс қашықтыққа жүретін тағы бір жүргізуші басқа жүргізушілерден мұндай суықта тәуекелге бармауды және жолға шықпауды өтінді. «Егер полицейлердің көмегі болмаса, мен мұндай ауа - райында түнде не істейтінімді білмес едім», - дейді ер адам.

- 26 қарашада мен Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы шықтым. Спутник ауылына келгенде, көлікте солярка қатып қалды. Мен полицияға қоңырау шалып, көмек сұрадым. Бірнеше минуттан кейін тәртіп сақшылары келіп, маған көмектесті. Мен оларға өте ризамын, - деп,  Өзбекстан тұрғыны ризашылығын білдірді.

Полиция қызметкерлері жолда қиындыққа тап болған жүргізушілерге көмектесуде. Павлодарлық патрульдік полиция ротасының инспекторлары мен учаскелік полиция инспекторлары жолаушыларға және олардың отбасыларына автомобильдің ақауларын жоятын жақын маңдағы жол бойында орналасқан қызметке   немесе елді мекенге жетуге көмектеседі.

Полиция аймақ тұрғындары мен қонақтарына өз денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ жақын адамдарының денсаулығына қауіп төндірмеуге және алыс жолға қажетсіз шықпауға кеңес береді!

Дата публикации
28 ноября 2022
Дата обновления
28 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

10 сентября 2026
Рахмет, полиция!
07 сентября 2026
Кәсібилігі үшін алғыс
Ақпарат
03 сентября 2026
Кезекті аттестаттауға жататын Павлодар облысы Полиция Департаменті қызметкерледің тізімі:

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы