Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру

Павлодар облысы Полиция департменті «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің  ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218  бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізетіні туралы хабарлайды.

Мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 бұйрығына сәйкес Павлодар облысы ПД бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және ниет білдірген қызметкерлер жоспардан  тыс аттестаттаудан өтуге хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Тәрбие және кадр жұмысы  басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог»  жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейтін қызметкерлер:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).

ПД  лауазымдар номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

-  Полиция департаменті  облыстық  аппараты C-SVО-7 санаты;

          - Полиция департаменттерінің қалалық және аудандық бөліністеріне C-SVR-5 санаты;

- арнайы бөліністер - C-SN- 7***санаты;

-саптық бөліністер  - C-SSP- 7 санаты.

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары барлар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқандар.

Сұрақтар туындаған жағдайда Павлодар облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына   хабарласуға болады,

каб. № 411, 412,413,414  анықтама телефондары 8 (7182) 39-12-60, 39-12-83, 39-10-80, 39-12-28, 39-10-72, 39-10-91, 39-10-92 электрондық мекенжайлар v.viktoriya@mvd.gov.kz; d.abilbaeva@mvd.gov.kz                               

 

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

 

 

Павлодар облысы Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы  

 

 Павлодар облысы ПД

бастығы

полиция генерал-майоры

В.В.Склярға

Баянат

 

Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

 

 

____________________

(лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 апреля 2025