Павлодар облысы полиция Департаменті жариялайды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы полиция Департаменті, 140000, Павлодар қаласы,  Лермонтов көшесі, 50/1, анықтама телефондары: 8 (7182) 39-10-60,  39-10-81, факс  8 (7182) 32-03-91, жариялайды:

         2024 жылғы 04 мамырда  айында сағат 10.00-де Павлодар облысы ПД (Павлодар қаласы Лермонтов көшесі 50/1) атестаттау комиссиясының отырысы болады. Атестаттауға 54 қызметкер жатады. Атестаттау комиссиясы жұмысының шынайылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін 3 қадағалаушыдан артық қатыспайды (Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері). Атестаттау комиссиясының жұмысына қадағалаушы тұлға ретінде бұрын құқық қорғау органдары басшыларының бағынысында, сәйкес атестаттау комиссиясы құрылған құқық қорғау органын немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесін қалыптастыруды ұйымдастыруда болған тұлғалар тартылмайды.

         Қадағалаушы ретінде атестаттау комиссиясының отырысына қатысу үшін бекітілген үлгідегі жазбаша өтінішпен, жеке куәлігінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестікке жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосумен жүгіну қажет.

 

                                                                                                                 Үлгі

 

Павлодар облысы ПД

атестаттау комиссиясының

төрағасы

полиция генерал-майоры

В.В.Склярға

 

 

Қадағалаушы ретінде қатысуға өтініш

 

         Сізден 2024 жылғы 04 мамырда  сағат 10.00-де болатын Павлодар облысы ПД атестаттау комиссиясының отырысына қадағалаушы ретінде қатысу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын.

 

ТАӘ, лауазымы, қолы

Байланыс көрсеткіштері:

Телефон:     ___________

Е-mail:        ___________

Мекенжайы:__________

 

 

 

 

Дата публикации
02 мая 2024