Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы полиция Департаменті, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 50/1, анықтама телефондары: 8 (7182) 39-10-81, 39-12-60, факс 8 (7182) 32-03-91, жариялайды:
2020 жылғы 11 қыркүйекте сағат 10.00-де ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасында конференцзалында атестаттау комиссиясының отырысы болады. Атестаттауға 41 қызметкер жатады. Атестаттау комиссиясы жұмысының шынайылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін 3 қадағалаушыдан артық қатыспайды (Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері). Атестаттау комиссиясының жұмысына қадағалаушы тұлға ретінде бұрын құқық қорғау органдары басшыларының бағынысында, сәйкес атестаттау комиссиясы құрылған құқық қорғау органын немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесін қалыптастыруды ұйымдастыруда болған тұлғалар тартылмайды.
Қадағалаушы ретінде атестаттау комиссиясының отырысына қатысу үшін бекітілген үлгідегі жазбаша өтінішпен, жеке куәлігінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестікке жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосумен жүгіну қажет.
Үлгі
Павлодар облысы ПД
атестаттау комиссиясының
төрағасы
полиция полковнигі
Н.Мәсімовке
Қадағалаушы ретінде қатысуға өтініш
Сізден2020 жылғы 11 қыркүйекте сағат 10.00-де болатын Павлодар облысы ПД атестаттау комиссиясының отырысына қадағалаушы ретінде қатысу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын.
ТАӘ, лауазымы, қолы
Байланыс көрсеткіштері:
Телефон: ___________
Е-mail: ___________
Мекенжайы:__________
ПД Кадр саясаты басқармасы