Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы Полиция департаменті, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 50/1, анықтама телефондары: 8 (7182) 39-12-28, 39-10-72, 39-12-60, 39-10-81, факс 8 (7182) 32-03-91, Электрондық пошта мекенжайы: ukr_dvd_pvl@mail.ru бос лауазымдардың орнын басу үшін конкурс жариялайды:
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Қызмет өтіліміне тәуелді |
|
|
min |
max |
|
С-SVR-8 |
88051 |
119048 |
C-SSP-8 |
68168 |
92166 |
С-SV-12 |
67319 |
91316 |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300), «Халықаралық құқық» (030200), «Педагогика және психология» (010300), «Психология» (050300) мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.
Негізгі лауазымдық міндеттер: қызметкерлердің қызметтік іс-әрекеттерін психологиялық қамтамасыз етуді жүргізу, ұжымдарда әлеуметтік-асихологиялық климатты оқыту, кәсіби-қызметтік іс-әрекеттер мәселелері бойынша қызметкерлерге кеңес беру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300), «Филология» (020500), «Лингвистика» (021300), «Психология» (050300), «Механика» (060300), «Физика» (060400), «Химия» (060600), «Биология» (060700), «Биотехнология» (070100), «Материал және жаңа материалдар технологиясын жүргізу» (071000), «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» (071900), «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы» (072100), «Азық-түлік жобасының технологиясы» (072700), «Жарылғыш заттар және пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» (073400), «Медицина» (110100), «Ветеринарлық медицина» (120100), «Кескіндеме» (041300), «Экономика» (050600), «Мұнайгаз ісі» (070800), «Металлургия» (070900), «Көлік, көлік техникасы және технология» (071300), «Электроэнергетика» (071800), «Стандартизация, метрология және сертификация» (073200), «Топырақ зерттеу және агрохимия» (080800), «Ақпараттық жүйелер» (140100), «Есептеуіш техника және бағдарламамен қамтамасыз ету» (140200), «Фармация» (110400) мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.
Негізгі лауазымдық міндеттері: қылмыстарды анықтау, ашу, хабар-ошарсыз жоғалған қылмыскерлерді іздеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300) мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.
Негізгі лауазымдық міндеттер: қылмыстық істер бойынша алдын-ала тергеуді немесе жеңілдетілген сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асыру, қылмыстық істерді қозғау, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексімен көзделген барлық тергеу іс-әрекеттерін орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, орта, техникалық және кәсіби, арнайы орта білімі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білік-дағдылары.
Негізгі лауазымдық міндеттері: әкімшілік ғимараттарда қауіпсіздікті және өткізу режимін қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, Қазақстан Республикасының азаматтығы, міндетті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарында міндетін өтеген немесе Әскери-техникалық мектепте оқыған, әскери-дәрігерлік комиссиямен қызметке жарамды деп танылған, білімі жоғары, «Құқықтану» (030100), «Құқық қорғау қызметі» (030300), «Халықаралық құқық» (030200), «Көлік, көлік техникасы және технология» (071300), «Көлік тасымалы, қозғалысы және эксплуатацияны ұйымдастыру» (090100) немесе арнайы орта «Заңгер-кеңесші» (0201023), «Заңгер» (0202013) мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексін», Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілерді білу. Жүргізуші куәлігінің болуы.
Негізгі лауазымдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін күзету, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдайларда.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: белгіленген нысан бойынша өтініш, сауалнама, өз қолымен жазылған және қағаз бетінде басылған өмірбаян, кадр есебі бойынша жеке парақ, нотариалды куәландырылған білімі туралы құжаттарының көшірмелері, нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек кітапшасы бар болса), нотариалды куәландырылған әскери билетінің көшірмесі, ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, соңғы жұмыс істеген орнынан (оқу орнынан) немесе әскери бөлімшесінен мінездеме, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен сотталмағаны жөніндегі анықтамасы, 3х4 см фотосурет (төрт дана), Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тест өткені туралы сертификат, өкілетті органда жеке жеке қабілеттерін бағалауды өту туралы қорытынды, осы құжаттар бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Павлодар облысы ПД Кадр саясаты басқармасына ұсынылуы қажет.
Қоса берілген құжаттар көрсетілген тізімімен, тезтікпеге салынған құжаттар қарастыруға қабылданады.
ПД Кадр саясаты басқармасы