Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы полиция Департаменті, 140000, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 50/1, анықтама телефондары: 8 (7182) 39-10-81, 39-12-60, факс 8 (7182) 32-03-91, жариялайды:
2022 жылғы 13 желтоқсандағы сағат 10.00-де ПД конференцзалында атестаттау комиссиясының отырысы болады. Атестаттауға 117 қызметкер жатады. Атестаттау комиссиясы жұмысының шынайылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін 3 қадағалаушыдан артық қатыспайды (Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері). Атестаттау комиссиясының жұмысына қадағалаушы тұлға ретінде бұрын құқық қорғау органдары басшыларының бағынысында, сәйкес атестаттау комиссиясы құрылған құқық қорғау органын немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесін қалыптастыруды ұйымдастыруда болған тұлғалар тартылмайды.
Қадағалаушы ретінде атестаттау комиссиясының отырысына қатысу үшін бекітілген үлгідегі жазбаша өтінішпен, жеке куәлігінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестікке жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосумен жүгіну қажет.