Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Халық қызметтерін көрсету орталықтар мен көші-қон қызеттерді көрсету орталығының уақытша жабылуы бойынша

ҚҰРМЕТТІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Халық қызметтерін көрсету орталықтар мен көші-қон қызеттерді көрсету орталығының уақытша жабылуына байланысты, Павлодар облысы Полиция департаменті азаматтарға төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсету 2020 жылғы наурыздың 27-нен бастап ерекше ӛкімге дейін УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ:

  • Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру;
  • еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту;
  • Қазақстан Республикасына уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру;
  • оформление документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру, сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ыхтиярхат беру. Ерекшелік құрайды емделуге немесе адам жерлеу себептерімен ҚР шегінен тыс шығуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтар. Оларға көші-қон қызметі бөлімшелеріне (ХҚКО-на емес) қабылдаушы тарапынан растайтын құжаттармен ұсынуы қажет. Көші-қон қызметінің қызметкерлері паспортты ресімдеуді қағаз формулярда жүзеге асырсу қажет.

 

ЭҤП АРҚЫЛЫ ЖҤЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:

  • Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару;
  • жүргізуші куәліктерін беру, соңдай-ақ, бастапқы, сонымен қатар, жаңа санаттарды алуға байланысты жүргізуші куәліктерін беру;
  • көлік құралдарын тіркеу, соңдай-ақ, Қазақстанның тыс жерден сатып алынған көліктерді бастапқы тіркеу.

 

ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ:

Төтенше жағдай кезеңінде жеке куәлігінсіз немесе жарамсыз жеке куәлігі бойынша, не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуден көрінген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

Дата публикации
29 апреля 2020