Халықпен кездесу

  Достық  МОСО-да Павлодар облысы Полиция департаменті бастығы  полиция полковнигі Мәсімов Нұрлан  Мырзаханұлының халықпен кездесуі өтті.
       Кездесуге облыстың барлық аудандары мен қалаларынан тұрғындар, облыстық мәслихат, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері,  дін басылар, күзет құрылымдары басшылары, Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңестік орган мүшелері, ІІО ардагерлері, полицияның қоғамдық көмекшілері қатысты.
         Өз сөзінде Департамент бастығы тұрғындарға 2019 жыл ішіндегі жұмыс нәтижелері туралы, сонымен қатар ағымдағы жылы оны жақсарту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.  

     - Павлодар облысындағы жедел жағдай жалпы тұрақты.  Департамент түрлі сипаттағы 143 мыңнан астам хабарламаны қарастырды, оның ішінде  7598 қылмыстық құқық бұзушылық, олардың саны 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23% -ға немесе 2251 құқық бұзушылыққа азайды. Оның ішінде, кісі өлтірулер, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық шабуыл, тонаулар, бөтен мүлікті ұрлаудың саны, сонымен қатар қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жасалған қылмыстар саны төмендеді.  Соңғы 4 жылда облыста қылмыстылықтың төмендеуінің оң беталысы байқалатынын атап кеткен жөн.  Егер  2015 жылы 10 мың халыққа  221 құқық бұзушылық тіркелсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш екі есе қысқарған және 101-ді құрады. Ағымдағы жылы да оң динамиканы ұстап отырмыз. Қаңтар айының нәтижелері қылмыстың 22%-ға төмендегенін көрсетеді. Бұған тек қана полиция емес, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмысты күшейтуі, сонымен қатар біздің азаматтардың қырағылығы және құқықтық саналары деңгейінің артуы нәтижесінде қол жетті. Біз облыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ерікті волонтерлік жасақтармен белсенді жұмыс істейміз, оның үстіне еліміздің Президенті 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялады.  Осы жылы облыстың қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, олардың қатысуымен 80 хабар-ошарсыз жоғалған азамат анықталды. Полицияның қоғамдық көмекшілері қатарында шамамен бір жарым мың адам тұр. Олардың көмегімен 66 қылмыс ашылды, 776 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Облыстың жолдарындағы жағдай апаттылық көрсеткішінің төмендеуімен сипатталады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жол көлік оқиғалары 8%-ға төмендеген. 76 мыңнан астам Жол қозғалысы ережесін бұзу анықталған. 2 мыңнан астам ішімдікке мас каүйіндегі жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған, олардан 336 әкімшілік қамау түріндегі жазаға кесілді. 567 млн. астам сомаға айыппұл салынды. Жолдарды зерттеу кезінде олардың жағдайы бойынша 1250 ұйғарым шығарылды. 4 млн. астам айыппұл салынып, 200-ден астам лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Есірткімен күреске аса көңіл бөлінеді. 2019 жылы 237 есірткі құқықбұзушылықтары анықталды, оның ішінде 67 қылмыс есірткі заттарын ірі көлемде сақтау мен өткізумен байланысты қылмыстар. Тәркіленіп алынған есірткі заттарының жалпы салмағы 361 кг. құрады.

Еріктілердің көмегімен облыс орталығы үйлері мен ғимараттары қабырғаларынан 385 наркографиттер жойылды, оларды салғаны үшін 3 адам ұсталды. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 67 есірткі құқықбұзушылықтары анықталды, олардан 4-уі ас ірі көлемде есірткі сақтау фактісі.

Негізгі қызметтерден бөлек Полиция департаменті жедел әрі сапалы түрде мемлекеттік қызметтер көрсетуді жалғасытруда. Ағымдағы жылдың қаңтар айында полицейлермен 21 мыңнан астам қызметтер көрсетілген, олардың көбі жол қауіпсіздігі саласында. Барлық қалалар мен аудандарда фронт-офистар – азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі ашылды, оларды 3 мыңынан астам адам қабылдаудан өтті.

Шара соңында Нұрлан Мырзаханұлы осындай әңгімелесу барысында шешуін таппаған мәселер мен қызметтегі олқылықтар туралы сөз қозғауға мүмкіндік зор екендігін жеткізді. Шара барысында кездесуге келгендер өз сұрақтарын ортаға салды. Облыстың барлық тұрғындары өз сұрақтарына мардымды жауаптар алып, және олар бойынша тапсырмалар мен нұқсаулар берілді.

Облыс тұрғындары атқарылған жұмыстар туралы ақпарат үшін Полиция Департаментінің басшысына алғыс білдірі. Есептік кездесу соңында қылмыспен күресте, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және із-түссіз жоғалғандарды іздеуде өз үлестерін қосқан азаматтар Полиция департаментінің грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды.

Дата публикации
29 апреля 2020