Ағымдағы жылғы 28 наурызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы
№ 272-VІ Заңын ескере отырып әзірленген, «Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 261 бұйрығы (Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20224 тіркеуден өтті) бекітілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама бейнеленеді.