2019-2020 жылдарға арналған полиция қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі Жол картасын орындау туралы

2019-2020 жылдарға арналған полиция қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі Жол картасын орындау туралы ақпарат.

Ішкі істер органдары қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 25 ақпанында Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов консультативтік-кеңесші орган мүшелерімен және халықпен есеп беру кездесуін өткізді.

Кездесу Павлодар қаласының "Достық" мәдени-демалыс орталығында өтті. 

Кездесуге облыстық полиция басшысына өз сұрақтарын қойып, қалалар мен ауылдардың тұрғындары, полиция департаменті жанындағы ККО мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, діни бірлестіктердің, күзет құрылымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және полицияның қоғамдық көмекшілері келді. Кездесуге барлығы 315 адам қатысты.

Департамент бастығы баяндамасында халықпен кездесулер полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Бастық өңір аумағындағы криминогендік жағдайдың жай-күйі және павлодарлық полицейлердің 2019 жылғы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының нәтижелері, полиция қызметіндегі жұмыс қағидаттары, өзгерістер мен жаңалықтар, жеке құрам арасында алдағы аттестаттау туралы баяндады. Кездесуде құрылыс салушылардың Форте-банк ғимаратын заңсыз салу, ағаштарды заңсыз кесу фактілері, аулалардың газдануы, Павлодар облысы ПД емханасын жөндеу мәселелері, көші - қон процестеріне қатысты мәселелер, қаланың жекелеген аулалары мен аудандарында бейнебақылау камераларын орнату, жол қауіпсіздігі, жұмысқа орналастыру, қылмыстың жекелеген түрлері бойынша, соның ішінде мал ұрлығы, интернет-алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеу барысы туралы мәселелер көтерілді.    Кездесуге қатысушылар үшін оларды қызықтыратын мәселелер бойынша тергеу, анықтау, әкімшілік полиция, кадр жұмысы және көші-қон қызметі басқармаларының қызметкерлерімен кеңестер ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Дата публикации
09 апреля 2020