Павлодар облысы Полиция департаменті жанында консультативті-кеңес органы өз жұмысын жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың басынан бастап ККО 1 отырыс өткізілді, отырыс барысында органның 2019 жылғы қызметі туралы ККО төрағасы Абдыкалыков Идият баяндама жасады.
Алдағы уақытта қоғаммен өзара қарым-қатынасты мінсіздендіру мақсатында, сондай-ақ ҚР ІІМ Алқасының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 13 «2018 жыл бойынша ішкі істер органдарының жедел қызмет жағдайы және алда қойылған мақсаттар, сонымен қатар 2019-2020 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасын жүзеге асыру шаралары туралы» шешімін орындау мақсатында ККО-ның жаңа құрамы құрылыды және бекітілді.
ККО 2020 жылғы жұмыс жоспарына полиция қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін бұзу фактілері бойынша азаматтардың арыздарын қарау, Павлодар облысының тұрғындарымен есепті кездесулер өткізу, қызметтің мінсіздігін қамтамасыз ету және халықпен өзара байланыс деңгейін жоғарылату бойынша қабылданған шаралар туралы аймақтық полиция бөлімдерінің жұмыстары нәтижесін қарау сынды шаралар енгізілді.
Сондай-ақ, ККО мүшелері Департаменттің қоғамдық қызметінде белсенділік танытады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап ККО мүшесі Рафик Сраиловтың қатысуымен кадр мәселесі бойынша Полиция Департаментінің 10 комиссия отырысы және 3 конкурстық комиссиясы өткізілді.
2020 жылғы 13 қаңтардағы № 10 «Павлодар облысы Полиция Департаментінің қатардағы және кіші басшы құрамының аттестациялық комиссия құрамын бекіту туралы» бұйрығымен ұдайы комиссия мүшелерінен басқа, сол құрамға ККО мүшесі Рафик Сраилов, Қанат Жұмабеков, сонымен қатар облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Нәбиев енгізілді.
Павлодар облысы ПД аттестациялық комиссия құрамында ішкі істер органдары қызметкерлерінің 4 әңгімелесуіне (аттестацияға) ККО мүшелері қатысты. Жыл басынан бастап ПД, ПБ-АҚПБ 120 қызметкері әңгімелеуден өткен.
Ішкі істер органдарның қызметін мінсіздендіру мақсатында, ағымдағы жылдың 25 ақапанында ККО мүшелері Павлодар қаласының «Достық» мәдени-ойын сауық орталығында Полиция Департаменті бастығының халықпен кездесуіне қатысты.