Приказ от 11.05.2021 г. № 171" о переутверждении бюджетных программ на 2021-2023 годы "

2021-2023 жылдарға арналған

бюджеттік бағдарламаларды қайта

бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға, «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №534/44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облыстық мәслихатының (III (кезекті) сессиясы, VII шақырылымы) 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 13/3 шешіміне және «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №840 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілсін:

- 001 "Облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" (1-қосымша);

- 003 " Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу "(2-қосымша);

- 006 "Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары" (3-қосымша).

2. " Стратегиялық жоспар әзірлемейтін және 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы" Павлодар облысы Полиция департаментінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 368 бұйрығының күші жойылды деп саналсын.

3. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы (Ж. Р. Байтенова):

1) бекітілген бюджеттік бағдарламаларды 3 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік органның веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін;

2) жыл сайын, есептік қаржылық жылдан кейінгі 1 наурыздан кешіктірмей, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті мемлекеттік органның веб - порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

 

4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "Бюджеттік бағдарламалар басшыларын бекіту туралы"Павлодар облысы Полиция департаментінің 2021 жылғы 09 наурыздағы № 100 бұйрығына сәйкес Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сиразидимов Дамир Шамиловичке жүктелсін.  

                             

Бастық

полиция генерал-майоры                                                          Н   .Н   Н. Мәсімов

 

 

 

 

Приказ от 11.05.2021 г. № 171" о переутверждении бюджетных программ на 2021-2023 годы "
Дата публикации
11 мая 2021