Облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы № 228 бұйрығы

Облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 32-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 07 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» № 808 қаулысына, Павлодар облысы мәслихатының (VI сайланған XVIII сессиясы)  2018 жылғы 13 желтоқсандағы «2019 - 2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 288/26» шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар бекітілсін:

- 001 «Облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»               (1 - қосымша);

-  003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу»                  (2 - қосымша);

- 006 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығындары» (3 - қосымша).

  1. Қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары ағымдағы қаржылық жылға республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді, мақсатты және уақытылы игерілуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Бюджеттік бағдарламалар басшыларын бекіту туралы» Павлодар облысы Полиция департаменті 2019 жылғы 20 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес бюджеттік бағдарламалар басшысы Павлодар

 

 

облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Күдешев Рустам Асқарұлына жүктелсін.

 

Бұйрық
Дата публикации
04 июля 2019