Бұйрық № 357 2020 ж. 23.12. "2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы"

2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 32-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға, «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 514/43 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2020-2022 жылдарға арналған ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілсін:

- 001 «Облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»               (1 - қосымша);

-  003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу»                  (2 - қосымша);

- 006 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығындары» (3 - қосымша).

  1. «2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы» 2020 жылғы 22 қазандагы № 281 бұйрығының күші жойылды деп саналсын.
  2. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы (Ж.Р. Байтенова):

1) бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік органның                     веб-порталында 3 күнтізбелік күн ішінде орналастыруды;

2) жыл сайын есептік қаржылық жылдан кейін 1 наурыздан кешіктірмей мемлекеттік органның веб-порталында бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Павлодар облысы Полиция департаментінің  «Бюджеттік бағдарламалар басшыларын бекіту         туралы» 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес                          бюджеттік бағдарламалар басшысы Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сиразидимов Дамир Шамиловичке жүктелсін.

                                                      

                                                 

Бастық

полиция полковнигі                                                                             Н   .Н   Н. Мәсімов

 

              «Келісілген»

Павлодар облысының экономика

     және бюджеттік жоспарлау

     басқармасының басшысы

 

______________ И. Назарчук 

20__ж. «__»___________

Қосымша 001
Дата публикации
23 декабря 2020