Бұйрық № 106 2020 ж.24.04. "2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы"

2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға, Павлодар облысы мәслихатының "2020 - 2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" «Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 20 наурыздағы № 49/2 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2020-2022 жылдарға арналған ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілсін:

- 001 «Облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»               (1 - қосымша);

-  003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу»                  (2 - қосымша);

- 006 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығындары» (3 - қосымша).

  1. «2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы» 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 408 бұйрығының күші жойылды деп саналсын.
  2. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы (Ж.Р. Байтенова):

1) бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік органның                     веб-порталында 3 күнтізбелік күн ішінде орналастыруды;

2) жыл сайын есептік қаржылық жылдан кейін 1 наурыздан кешіктірмей мемлекеттік органның веб-порталында бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Павлодар облысы Полиция  департаментінің  «Бюджеттік бағдарламалар басшыларын бекіту         туралы» 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес                          бюджеттік бағдарламалар басшысы Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сиразидимов Дамир Шамиловичке жүктелсін.

                                                      

                                                 

Бастық

полиция полковнигі                                                                                                Н. Мәсімов

 

 

 

 

              «Келісілген»

Павлодар облысының экономика

     және бюджеттік жоспарлау

     басқармасының басшысы

 

______________ И. Назарчук 

20__ж. «__»___________

 

 

Қосымша 001
Дата публикации
24 апреля 2020