Бұйрық № 368 30.12.2020 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы «2021-2023                    жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы» № 840 қаулысына, Павлодар облысы                        мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" № 534/44 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілсін:

- 001 «Облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер»               (1 - қосымша);

- 003 «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу»                  (2 - қосымша);

- 006 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығындары» (3 - қосымша).

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Бюджеттік бағдарламалар басшыларын бекіту туралы» Павлодар облысы Полиция департаменті 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес бюджеттік бағдарламалар басшысы Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сиразидимов Дамир Шамиловичке жүктелсін.

                                           

                             

Бастық

полиция полковнигі                                                                             Н   .Н   Н. Мәсімов

 

 

Қосымша 001
Дата публикации
30 декабря 2020