

2000 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Орынбаев Жандос Болатұлы 1976 жылғы 30 наурызда Қарағанды облысы Қарағнды қаласында дүниеге келді.
1997 ж. ақпанда - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті Қарағанды жоғары мектебінің біліктілігін арттыру факультетінің инспекторы.
1998 жылдың қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебінің №3 факультеті арнайы пәндер кабинетінің меңгерушісі.
1998 жылғы қарашадан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебінің № 3 факультетінің оқытушысы.
1999 жылдың қазан айынан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды заң институтының кадрларды қайта даярлау және қайта даярлау факультетінің оқытушы-әдіскері.
2000 ж. Қараша айынан бастап - ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының күндізгі адъюнктура бөлімінің адъюнкті.
2003 жылдың қарашасынан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру факультетінің оқытушы-әдіскері.
2004 жылғы желтоқсаннан бастап - Қарағанды облысы мемлекеттік -құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары.
2007 жылдың тамызынан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі училищесінің бастығы (Теміртау қаласы)
2011 жылғы тамыздан бастап - Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті оқу орталығының бастығы
2014 жылдың тамыз айынан-ҚР ІІМ оқу орталығының бастығы (Павлодар қ.)
2019 жылдың желтоқсан айынан-ҚР ІІМ оқу орталығының бастығы(Павлодар қ.)
2022 жылдың ақпан айынан-Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
2022 жылдың мамыр айынан-ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция бастығының орынбасары
2023 жылдың мамыр айынан-ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары
2023 жылдың қыркүйегінен-Павлодар облысы ПД ММ Орталық полиция бөлімінің полиция бөлімінің бастығы
2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін-Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары.