
Бүгін Бейнеу аудандық кітапханасында «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бастауы» тақырыбында тағылымы мол ұрпақтар кездесуі өтті.
Іс-шараның арнайы қонағы Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теміржан Күмісбайұлы Тәжмұханов болды. Ол жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ел тарихының маңызы мен ұлттық сана қалыптастырудағы рөлі туралы әңгімеледі.
Кездесудің мақсаты мен тарихи маңызы жөнінде Полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жанар Оразбаева баяндама жасады. Ол өскелең ұрпақты патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеудің, тарихты құрметтеу мен елге деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Шара барысында «Манашы» орта мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын мұндай кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және отансүйгіштік рухын нығайтуға ықпал етеді.
Жаңаөзен қаласында күзгі демалыс кезінде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу және жеке қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне қатысты заң талаптары түсіндіріліп, оқушыларға демалыс уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізу қажеттігі ескертілді.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — ортақ міндет. Полиция ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауға алып, олардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Маңғыстау облысының Полиция департаментінің қызметкерлері тауар белгісін заңсыз пайдалану белгілері бар өнімдерді сату дерегінің жолын кесті.
Тексеруге өңір аумағында белгілі бір брендтің тауарларын заңсыз сату мүмкіндігі туралы құқық иесінің өкілінен түскен өтініш негіз болған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу іс-шаралары барысында Ақтау қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен Мұнайлы ауданының өнеркәсіптік аймағында орналасқан сауда нысанына тінту жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер 282 дана өнімді анықтап, тәркіледі.
Қазіргі уақытта тәркіленген өнімнің шығу тегі, оны жеткізу, сақтау және өткізу арналары, сондай-ақ заңсыз айналымға қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталып жатыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Полиция кәсіпкерлерге бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, өнімдерді тек ресми жеткізушілерден сатып алуға шақырады.
Дереккөз: Polisia.kz
Маңғыстау облысының Полиция департаменті Instagram әлеуметтік желісі арқылы жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті әлеуметтік желіде Қытайдан түрлі тауарларды, оның ішінде премиум санаттағы ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық техниканы нарықтағы бағадан едәуір төмен бағамен сату және жеткізу туралы жарнамалар жариялаған.
Тауарларды жарнамалау үшін 360 мыңнан астам оқырманы бар танымал Instagram аккаунтының иесі тартылған. Тергеу нұсқасы бойынша, жарияланымдарда тауарлардың бар екені, олардың сапасы және Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат берілген.
Жарнамаларды көрген азаматтар көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарласып, тауарлардың ақысын жеке кәсіпкердің есепшотына аударған. Алайда тауарларды жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелер орындалмаған. Тергеу деректеріне сәйкес, түскен қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған.
Тергеу барысында ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника сатып алу үшін ақша аударған бірнеше жәбірленуші анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жалғасуда.
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып алу кезінде сақ болуға, сатушының сенімділігін тексеруге және тауардың нарықтық бағадан едәуір төмен ұсыныстарына сыни көзқараспен қарауға шақырады.
21 қазанда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 39 жастағы ер адамды ұстады.
Тексеру кезінде оның рюкзагынан жалпы салмағы бір келіге жуық қара уылдырық салынған екі пластик ыдыс табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта қара уылдырықтың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз айналымға енгізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің 14 қызметкері ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару бойынша арнайы оқу курсынан өтті.
Оқыту 9–16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің ішкі істер органдарын цифрландыру және заманауи технологияларды тиімді қолдану жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.
Курс барысында полиция қызметкерлері дрондарды басқару дағдыларын меңгеріп, оларды қауіпсіз пайдалану және қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолдану тәсілдерін үйренді.
Бұл бастама полиция жұмысының тиімділігін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық қорғау органдарының қызметіне цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.
Оқу курсын сәтті аяқтаған 14 полиция қызметкеріне тиісті сертификаттар табысталды.
Полиция қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және қызметтік жұмысқа заманауи технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Дереккөз: Polisia.kz
Бейнеу ауданына қарасты Сарға ауылындағы Жангелдин орта мектебінде 8–11-сынып оқушыларының қыз балаларымен «Қыз – ұлттық тәрбиенің бастауы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Шараның мақсаты – қыз балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ізеттілік пен әдептілікті насихаттау, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесуге Аналар кеңесінің төрағасы Набия Айлашова және Бейнеу аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жанар Оразбаева қатысты.
Кездесу барысында Набия Айлашова қыз баланың отбасындағы орны, әдептілік пен ар-ұят, ұлттық салт-дәстүрлердің маңызы туралы айтып, жасөспірімдерге тағылымды ақыл-кеңестерін берді.
Ал полиция капитаны Жанар Оразбаева кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ашық сұхбат форматында өткен кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.
Маңғыстау облысында «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен және «Арлан», «Бүркіт» арнайы бөлімшелерінің жауынгерлерімен бірлесіп, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты екі деректің жолын кесті.
Мұнайлы ауданында полицейлер қызметтік ит Кираның көмегімен BMW автокөлігін тоқтатты. Көлікте екі ер адам болған. Жеке тінту барысында олардың бірінен салмағы 34,6 грамм марихуана салынған түйіншек тәркіленді.
Сот шешімімен автокөлік жүргізушісі жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Ал екінші ер адамға медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес есірткіге масаң күйде болғаны үшін жауапкершілік жүктелді.
Сол күні Жаңаөзен қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде тінту жүргізілді. Гараж бен шаруашылық бөлмелерін тексеру кезінде марихуана салынған көптеген түйіншектер мен пакеттер анықталып, тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 198,37 грамды құрады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осылайша, екі жедел іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 232,97 грамм марихуананы тәркіледі.
Қазіргі уақытта екі дерек бойынша да оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және ықтимал қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Тергеу жалғасуда.
Дереккөз: Polisia.kz
Маңғыстау облысында әйелді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысушылардың Өзбекстан Республикасының азаматтары екені анықталған.
Тексеру барысында ер адам мен әйелдің Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз және елде болу заңдылығын растайтын құжаттарсыз жүргені белгілі болды.
Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау және ел аумағында одан әрі болу мәселесін шешу үшін қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Ал әйел тұрғылықты жерінде. Оған қатысты да көші-қон заңнамасы аясында тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Lada.kz
Бейнеу ауданы Полиция бөлімінде ішкі істер органдарының ардагерлері Марат Кубаевич Дарибаев, Теміржан Күмісбаевич Тажмұханов және Болат Наренбаевич Аюпов жеке құраммен арнайы кездесу өткізді.
Іс-шара 12–17 қазан аралығында өтіп жатқан «Ақсақалдар отбасы кеңесі» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру, ардагерлердің мол қызметтік тәжірибесімен бөлісу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік және қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, жас тәртіп сақшыларына адал қызмет ету, заңдылықты сақтау, халыққа құрметпен қарау және кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен орындау жөнінде тағылымды ойларын жеткізді.
Ішкі істер органдары ардагерлерінің өмір жолы мен ел игілігі жолындағы адал еңбегі – жас полицейлер үшін үлкен өнеге. Мұндай кездесулер қызметтік дәстүрлерді дәріптеуге, патриоттық рухты нығайтуға және буындар арасындағы байланысты бекемдеуге ықпал етеді.