
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Маңғыстау облысы полиция департаментінің ғимаратында полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдары ардагерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Мемлекеттік мейрам қарсаңында мінсіз қызметі үшін бірқатар тәртіп сақшысы ішкі істер министрлігінің бұйрығымен марапатқа ие болды. Сондай-ақ, департамент бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаевтың атынан жеке құрам қызметкерлері мен ішкі істер органдары ардагерлеріне құрмет грамоталары, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.