Жеке деректеріңізді зиянкестердің шабуылынан қорғау үшін қарапайым ережелерді есте сақтауға шақырамыз

Жеке деректеріңізді зиянкестердің шабуылынан қорғау үшін қарапайым ережелерді есте сақтауға шақырамыз
Ақтау қаласы Полиция басқармасы жеке деректеріңізді зиянкестердің шабуылынан қорғау үшін қарапайым ережелерді есте сақтауға шақырады:
1. Әлеуметтік желілерде кез келген жеке басыңызға қатысты фотосуреттерді, тіпті жабық альбомдарды да сақтамаңыз.
2. Аккаунтқа екі факторлы қорғанысын орнатыңыз. Қиын пароль әрқашан қауіпсіздік кепілі бола бермейді.
3. Сізге бейтаныс адамдар жіберетін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
4. Егер жеке хабарламадағы достардың бірі сізден картаға ақша аударуды сұраса немесе белгілі бір соманы сізге аударуды ұсынса,картаның нөмірін бермеңіз: виртуалды досыңыздың парақшасын бұзған алаяқ оның атын жамылып отыруы мүмкін.
5.Сіздің банктік шотыңыздан ақша алу әрекеті туралы қоңырауларға жауап бермеңіз: картаңыздың нөмірін растамаңыз және үшінші тұлғаларға SMS-хабарламамен келген кіру кодтарын хабарламаңыз. Банк қызметкерлері мұндай ақпаратты телефон арқылы көрсетпейді!
6. Іздеу жүйесі арқылы сайт бетінің, оның ішінде интернет-дүкеннің мекенжайын әрдайым қайта-қайта тексеріңіз, әсіресе егер ол сізге әлеуметтік желілердегі жеке хабарламада немесе электрондық пошта арқылы жіберілген болса.
Сіздің қаржыңыздың сақталуының кепілі сіздің қырағылығыңыздар.