
7 қыркүйек күні сағат 19:00 шамасында 28 шағын ауданның учаскелік полиция пунктіне ер адам құжаттары бар сөмкесін жоғалтып алғанын айтып, көмекке жүгінді.
Оған полиция лейтенанты Бауыржан Сейтмуханов бірден әрекет етіп, іздеуге кірісті. Тәртіп сақшысы ер адам затты қалдырған дүкеннің бейнебақылау камераларын қарап, жоғалған сөмкені тауып, иесіне қайтарды.
Ведомствоның Instagram парақшасына азамат өзінің алғыс сөздерін жолдады. "Сіздердің еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін",-делінген хабарламада.