ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Маңғыстауда бейнекамералардың көмегімен 150-ге жуық қылмыс ашылды

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда Жедел басқару орталығы бейнекамераларының рөлі айтарлықтай. Тәртіп сақшыларының мұндай сенімді “көмекшілері” бейне камералар облыс орталығындағы және Жаңаөзен қаласындағы көшелер мен адамдар жиналып, демалатын алаңдарда, көше қиылыстарында және көп қабатты үйлердің аулаларында орналастырылған.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы қаладағы тәртіпті қадағалап отырады. Маңғыстауда биылғы жыл басынан бейнекамераның көмегімен 26 184 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 149 қылмыс ашылды. Құқық бұзушылықтардың арасында көшеде, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе масаң күйде жүру, шылым қалдығын, қоқыстарды қалдыру, ұсақ бұзушылықтары жиі орын алады.

2022 жылдың сегіз айында “102” жедел желісіне келіп түскен азаматтардың шақыртуларының 20 мыңнан астамы тіркелген.

Сонымен қатар, бейнекамералардың “көзінен” жол қозғалысы ережелерін бұзғандар да тыс қалмайды. Жыл басынан бері осындай 12 мыңға жуық факті анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
22 октября 2022
Дата обновления
22 октября 2022
Тип
Статистика

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы