ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Маңғыстауда есірткінің заңсыз айналымына байланысты 300-ге жуық дерек тіркелді

Маңғыстау облысында Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан бері 284 есірткіге қарсы құқық бұзушылық анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27,3%-ға азайған.

Жалпы көлемде есірткі қылмысының 34 дерегі тіркелді. Оның 19-ы есірткі сату, сегізі есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және төртеуі құрамында заңмен тыйым салынған есірткі бар өсімдіктерді егу дерегі болып табылады.

Сондай-ақ, есірткіні заңсыз жарнамалаған екі тұлға қылмыстық кодекстің 299-бабының 1-бөлігімен жазаланды. ҚР ҚК-нің 300-бабымен 4 дерек орын алып, есірткі притонын ұйымдастырған бір факті анықталды.

Тәртіп сақшыларымен 250 есірткі қылмысына қарсы теріс қылықтар тіркеліп, заңсыз есірткі айналымынан 250 келіге жуық есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде өткізеді. Осы бағытта 87 профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, 353 граффити жазулары жойылды. Ал есірткі мен олардың аналогтарын жарнамалайтын және сатумен айналысатын 42 ғаламтор сайты бұғатталды.

Дата публикации
22 октября 2022
Дата обновления
22 октября 2022
Тип
Статистика

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы