
2022 жылы 9 қыркүйек күні деструктивті діни ағымның жақтаушылары адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы ақшалай қаражат бопсалаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Олар зардап шеккен адамға 20 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтіріп, оның еркіне қарсы 3 бөлмелі пәтерді өздеріне рәсімдеген.
Аталған дерек ҚР ҚК 194-бабы 3-бөлігі (бопсалау) бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-де тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері барлық төрт күдіктіні ұстап, оларға қатысты тінту іс-шаралары жүргізілді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, соттың санкциясымен барлығы да қамауға алынды.