ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

72 жастағы ақсақал-саяхатшыны маңғыстаулық жол сақшылары қарсы алды

Ұлытаулық егде жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Маңғыстау өңіріне жаяу келді. Ақсақалды Бейнеу-Боранқұл тас жолында Маңғыстау облысы ПД Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері құшақ жая қарсы алды.

Айта кетейік, 72 жастағы ақсақал-саяхатшы Қазақстан бойынша сапарын сәуір айында бастаған болатын. Ол ел аймақтарын жаяу жүріп өтіп, бүгінде Бейнеу ауданына жетті.
Оның айтуынша, ол бұл сапарды алты жыл бұрын жоспарлаған.

Қарағанды облысынан батыс өңірге қарай жол тартқан саяхатшының ең соңғы тоқталатын нүктесі — Ақтау қаласы. Ақсақалды күтіп алған патрульдік полицейлер - лейтенант Н.Шыңғыс пен аға сержант Қ.Пиржанов оның хал-жағдайын біліп, алдағы сапарына ақ жол тіледі.

Ілтипатқа ие болған ақсақал-саяхатшы тәртіп сақшыларының көмек қолын созып, көрегендік танытқанына шексіз ризашылығын білдірді. «Үлкенге құрмет көрсету — адамгершіліктің нышаны», - деп есептейді жол сақшылары.

Дата публикации
19 октября 2022
Дата обновления
19 октября 2022
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы