ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Маңғыстауда 3 күнде айыптұраққа 60 автокөлік жабылды


Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Маңғыстау облысында 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның үш күнінде 1264 құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабы бойынша 338 хаттама жасақталды, ҚР ӘҚБтК 591-бабы бойынша 194 құқық бұзушылық анықталды. Осы үш күнде көлік басқару құқығы жоқ бола тұра автокөлік тізгіндеген 35 жүргізуші анықталып, бұрын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер де кездесті. Облыс жолдарында тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК 612 - бабының 3-бөлігі бойынша жауапкершілік түрі қолданылған осындай 5 жүргізушіні тоқтатты.

Сонымен қатар, мас күйде көлік жүргізу қылмыс екенін біле тұра, 7 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарған.

Шара барысында жолды белгісіз жерде кесіп өткен 196 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Үш күн ішінде түрлі құқық бұзушылықтар үшін айыппұл тұрағына 60 автокөлік жабылып, 48 көлік құралының мемлекеттік белгісі тәркіленді.

Дата публикации
19 октября 2022
Дата обновления
19 октября 2022
Тип
Мониторинг

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы