ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Маңғыстау облысының бас полицейі қызметтік іссапармен Бейнеу ауданына барды

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, халыққа барынша жақын және олардың өтініштері қабылданып, тез арада заңды шешім қабылдану қажеттігін атап өткен еді. Осы орайда, 2022 жылы 12 қазан күні Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев Бейнеу ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан әкімі де қатысты.

Жиынға қатысқан аудан тұрғындары полиция басшысына өз көкейлеріндегі сұрақтарын жолдап, жауаптарын алды. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан айтылған көкейтесті мәселелер талқыланды.

Әсіресе тұрғындар тарапынан жиі қойылған сұрақтар - бейнебақылау камералары мен жол-көлік оқиғасына себепші болатын төрт түліктің жайы жөнінде болды. Тұрғындардың ішінде аяқталған қылмыстық істерді қайтадан бастап, тергеу амалдарын жүргізуді сұрағандар болды. Аян Сабитұлы барлық мәселелердің шешім табуы өзінің жіті бақылауында болатындығын атап өтіп, Бейнеу ауданы Полиция бөлімі бастығына нақты тапсырмалар берді.

Ол аудан әкіміне әр елді-мекенде мал айдайтын орындардың болу қажеттігін ұсыныс ретінде айтып, мал қожалық иелері жауапкершілікті сезініп үй жануарларына жарық шағылыстырғыш ленталарды тағу қажеттігін жиынға қатысушы тұрғындардың қаперіне жеткізді. Сондай-ақ, көпті мазалатқан бейнебақылау мәселесі. Алдағы қараша айында ауданға 5 бейнебақылау камерасы қондырылатындығы да халық назарына жеткізілді.

Дата публикации
19 октября 2022
Дата обновления
19 октября 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы