
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғындары жұмысқа орналасуға көмектесемін деп, уәдесін орындамаған алаяққа қатысты полицияға арызданды. Алаяқтық іс-әрекетке барған азаматша жәбірленушілердің біріне мұнай саласына орналастырамын деп сөз берсе, енді бірі балабақшаға жоғары лауазымды қызметке жұмысқа кіремін деп үміттенген. Алаяққа алданып қалған тұрғындарға келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллион 220 000 теңгені құрайды.
Криминалдық полицейлермен күдіктінің жеке басы анықталып, 43 жастағы әйел азаматша ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарды өте мұқият және абай болуға шақырады. Бейтаныс адамдарға сенімділік танытып, сенімсіз есепшоттарға ақша аудармауларыңыз сұралады. Егер де алаяқтық қылмыстың куәсі болсаңыз, дереу “102” пультіне немесе жақын маңда орналасқан полиция бөлімшесіне хабарлаңыз.