
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде тас жолда апаттық жағдай туғызып, жол қозғалысы ережесін бұзған автокөліктің бейнежазбасы байқалды.
Маңғыстау облысы ПД Патрульдік полиция ротасы қызметкерлерімен жүргізушінің жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 606-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.
‼️Маңғыстау облысының полицейлері жүргізушілерді және жол қозғалысының өзге де қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Абай болыңыздар және жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар!