
Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі істер органдарының жетістіктерін таныстыру шеңберінде облыстың ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарында қызмет атқарған ардагерлер жиналды. Олар полиция қатарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында ұзақ жылдар бойы еңбек еткендер. Әрқайсысының қызметтік өмірбаянында қиын да адал еңбектің қолтаңбалары сақталған.
Маңғыстау облысы ПД Кадр саясаты басқармасы бастығы Қандарбек Бахтыгереев Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі істер органдарының жетістіктері туралы баяндама жасады.
Шара барысында Маңғыстау облысы ІІО және ҰҰ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нағашыбай Жариев атқарылған жұмыстар туралы қысқаша айтып өтті.
Қандарбек Бахтыгереев ардагерлерге бүгінде қоғамдық өмірге белсене қатысып, жас мамандарға қолдау көрсетіп, аға буын мен өскелең ұрпақ арасындағы байланысты нығайту жолындағы еңбектеріне алғысын білдірді.