
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы мен облыстың бас прокуроры Ақтау қаласы ПБ тергеушілері мен анықтаушыларының қатысуымен бірлескен кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кеңес барысында қылмыстық істі тергеудің үш буынды моделін іске асырудағы тиімді тәсілдер атап өтілді. Алдағы уақытта қалалық Полиция басқармасының ғимаратында прокурорлар мен тергеушілер бір кабинетте отырып, бірге жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының бес қызметкері қалалық басқарманың тергеушілеріне жетекшілік етеді. Бұдан басқа Жанарбек Бақтыбаев пен облыс прокуроры Ерлан Абаев тергеу және анықтау бөлімдерінің кабинеттерін аралап, олардың жұмыс барысында кездесетін проблемалық сұрақтарын талқылады.