ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

“Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді

Ақтау полицейлері интимдік қызметтер көрсететін притонды әшкереледі

Ақпан айының 12-14 аралығында Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Аталған шараның басты мақсаты – адамдарды сатумен байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу. Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында пәтерлерді жалға беретін адамдар, ойын-сауық орындары, монша кешендері, сауналар мен қонақ үйлер және өзге де объектілер тексерілді.

13 ақпан күні қала аумағындағы “Оазис” тұрғын-үй кешенінде боди-массаж қызметін көрсеткен притон анықталды. Аталмыш интимдік қызметті көрсеткен жеті азаматша анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматшалардың барлығы еліміздің оңтүстік өңірінің тұрғындары болып табылады.

Пәтер иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсталған азаматшалар есепке қойылды.

 

Дата публикации
14 февраля 2021
Дата обновления
03 марта 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы