
Интернеттегі алаяқтық дегеніміз – төлем карталарының деректерін ұрлау. Негізінен, ол интернет арқылы алатын тауарлар мен қызметтердің ақысын өтеу кезінде қолданылады. Алаяқтар адамдардың картасындағы құпия мәліметтерін ұрлау үшін компьютерлік вирустарды, фишингтік сайттарды, яғни жалған немесе көшірме сайттарды пайдаланады. Тағы басқа түрлері бар. Ең көп тараған түрлерінің қатарына әлеуметтік инженерияны, компьютерлік вирустар, скимминг, банк картасын алмастыру, фишингті жатқызуға болады. Жеке-жеке тоқталар болсам, әлеуметтік инженерия – алаяқ өзі алдайтын адамға техникалық құралдардың көмегінсіз, психологиялық тұрғыдан әсер ету. Алданып отырған адам өзінің құпия деректерін беріп қойғанын байқамай қалады.