ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Полиция қызметкерлері іс-қимыл алгоритмін пысықтауда

Облыстық  Полиция департаментінің бастығы Бақтыбаев Жанарбектің тапсырмасымен департаменттің баспасөз қызметі полиция қызметкерлерінің күнделікті саптық жиынына қатысады. Қызметкерлерге ақпараттық және түсіндірме буклеттері таратылып, сондай-ақ департаменттің баспасөз қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтік және профилактикалық іс-шараларын өткізеді. Тәртіп сақшылары өздерінің қызметіне қатысты барлық бұйрықтарды, әкімшілік және қылмыстық кодекстің нормаларын өте жақсы біледі, алайда үнемі баспасөз қызметімен бірлесіп іс-қимыл алгоритмі пысықталып тұрады.

 

Полиция қызметкерлері өз қызметтерін қызметтік автокөлікпен және жаяу жасақ арқылы жүзеге асырады. Қала аумағындағы қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге түсер алдында басшылық құрам күн сайын өз жеке құрамына саптық жиын жүргізіп, онда кезекші ауысымның алдына қойылатын міндеттер айтылады және өткен тәуліктегі оқиғалар туралы хабарламалар беріледі.

 

Бірлескен жұмыстың мақсаты - полиция қызметкерлеріне жанжалды жағдайларды қалай тиімді шешуге болатындығын көрсету. Халықтың полицияға деген сенімі полиция қызметкерлерінің азаматтарға қатысты мінез-құлқымен, әсіресе қызметтік міндеттерін орындау кезінде де, жеке өмірде де, қарапайым тұрмыстық жағдайларда да кәсіби этика нормаларын сақтаумен тығыз байланысты. Тәртіп сақшыларының сыртқы келбеті, киім нысаны, қарым-қатынас тәсілі,  адамның қадір-қасиеті мен негізгі бостандықтары және құқықтарын құрметтеуі, басқа адамдардың мәселелері мен қиындықтарына немқұрайлы қарамауы, тіпті ең қарапайым деген, азаматқа тиісті деңгейде назар аудара білу – азаматпен сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

 

Ішкі істер органдарына қызметке ерекше мінезді адамдар өздерінің жан қалауымен барады. Полицейдің жұмысы – оңай жұмыс емес. Тәртіп сақшыларының жұмысының қиындығы - олар кез-келген ауа-райында, күні-түні ,тіпті  мерекелерде де қызмет атқарады және әр түрлі азаматтармен, ерекше санаттағы құқық бұзушылармен байланысады.

 

Дата публикации
28 января 2021
Дата обновления
28 января 2021
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы