ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Бүгін жеке құрамның ішкі Істер органдарының ардагерлерінің қатысуымен кездесу өтті

Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінде ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ мерекесіне орай, бүгін жеке құрамның ішкі Істер органдарының ардагерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Бұл шараның басты мақсаты Елбасының сан қырлы талант иесі және қадірлі тұлға екенін жас ұрпаққа таныту болып табылады.
 
"Бүгін полиция қызметкерлері үшін елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып, елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу бағытында кездесуді ұйымдастырып отырмыз", - деді бөлім басшысы Рашид Қуандықов.
    
Кездесу барысында Ішкі Істер органдарының ардагерлері Мақашов Жәукен Мақашұлы мен Боранбайұлы Едіге жеке құрамды мерекемен құттықтап, Елбасының ерен еңбегі туралы және өздерінің қызмет жолдарын айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында моральдық және психологиялық тұрақтылықты нығайту бойынша сұхбат жүргізді.

       МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ.
Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип
"Ардагер" журналы

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы