ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

ЖБО қызметкерлері демалыс күндері 250-ден астам хабарлама қабылдады

Әкімшілік полиция жұмысына Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері үлкен көмек көрсетуде. Жедел басқару орталығы 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Күн сайын кезекшілікке 10 қызметкер түседі: бейнебақылау инспекторлары, күштер мен құралдарды басқару тобының (ГУСС) инспекторлары және "102"пультіне қоңырау қабылдайтын оператор.
Күн сайын "102" пультіне шамамен 200-300 қоңырау түседі. Бейнебақылау инспекторлары автокөлік иелері арасындағы бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде қаланың барынша жанданған учаскелеріндегі қозғалысты бақылай отырып, тікелей анықтауға тура келеді. Әдетте, құқық бұзушылықты анықтағаннан немесе қылмыс туралы телефон хабарламасын алғаннан кейін, кезекші бейнебақылау инспекторы алынған ақпаратқа жедел жауап беретін патрульдердің, учаскелік полиция қызметкерлерінің, сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлерінің жақын маңдағы жасағына деректерді береді.
Айта кету керек, ЖБО-ның 127 бейнекамерасының жұмысы арқасында екі күннің ішінде 3 қылмыс ашылды, оның ішінде: ұрлық - 1, есірткі құралдарын сақтау-1, көлік құралын мас күйінде басқару (әкімшілік бұзушылық үшін тоқтау барысында) — 1. Сондай-ақ, бейнекамераның көмегімен 367 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК–нің 434–бабы бойынша (ұсақ бұзақылық) – 19, ҚР ӘҚБтК–нің 440-бабы бойынша (алкогольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу) - 20, ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша (жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу) - 11, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін — 262, сондай-ақ басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша-55.
Полиция ЕСКЕРТЕДІ: егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, дереу полицияға "102" телефоны арқылы хабарлаңыз.
Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы