ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 10 айында жануарлардың қатысуымен барлығы 12 жол-көлік оқиғасы орын алды

4 адам қаза тапты, 18 адам зардап шекті.
Полиция қызметкерлері жануарлардың иелерін іздестіреді, әкімшілік хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша басып озған жүргізушіге қатысты жасалады. Бұдан әрі материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.
Сот шешіміне сәйкес жол-көлік оқиғаларында кінәсіз деп танылған жүргізуші азаматтық сотқа жануар иесінің материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап арыз береді.
Учаскелік инспекторлар ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу", сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" бойынша әкімшілік хаттамалар жасақтайды.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жол-көлік инспекциясы бөлімінің қызметкерлері тұрақты негізде республикалық және қалалық маңызы бар жолдарға мониторинг жүргізеді. Осылайша, "Қазавтожол" компаниясымен бірге республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс қауіпсіздігі және үй малдарының жүріс бөлігіне шығуын болдырмау үшін жануарларды үркітуге арналған ультрадыбыстық құралдар және "электр бақташысы" атты электр қоршаулары орнатылды. "Қазавтожол" ЖШС филиалы Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай-Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты автожолының 723-726 км учаскесінің бойына 3000 метр қоршау орнатты. Қоршаулар 12 вольтты құрайды.
Материалдық залалды өтеу кезінде жүргізуші қатысуымен ЖКО болған жануардың иесіне азаматтық тәртіппен арыз береді. Бұл мәселемен сотқа жүгіну қажет.
Жол-көлік оқиғаларының себептеріне әртүрлі факторлар, оның ішінде түнгі уақытта автомобиль жолдарында көріну төмендейді, жануарлардың иелері шағылысатын элементтерді тақпайды, және әсер ететін жағдай - бұл адами факторы.
Полиция қызметкерлері өз маршруттарын патрульдеу кезінде малды жолдан қауіпсіз қашықтыққа айдап әкетуге мәжбүр. "Электр шопаны"(«Электрический пастух») қоршауы бұл мәселені шешеді. Сондай-ақ, Полиция департаменті малды чиптеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл оқиға кезінде болған сол үшін материалдық жауапкершілікке тартылатын жануардың иесін табу мүмкін болмаған кезде мәселені шешеді. Қазіргі уақытта Полиция департаментімен 28 731 бас мал чиптелді. Чиптердің болуы малға қарамаған иелеріне талаптарды ресімдеуге мүмкіндік береді, чиптеу мал ұрлығына қарсы күресте қажетті шара болып табылады.
 
Дата публикации
13 ноября 2020
Дата обновления
13 ноября 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы