ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Ардагерлер Полиция департаментінің бастығы мен басшы құрамына алғыс білдірді

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы аясында Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасымен ІІМ Кадр саясаты департаментінің имидждік іс-шаралары департамент басшысы Ж.Бақтыбаевтың басшылығымен тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
   Солардың бірі, 2020 жылы 11 қарашада Полиция департаментінде өткізілген – Ішкі істер органдары ардагерлерімен кездесу шарасы.
  Маңғыстау облысының Полиция департаменті көненің көзі деп есептейтін қадірлі ардагерлерін ешқашан да ұмыт қалдырған емес. Еліміз үшін осынау қиын кезеңде, олардың хал-жағдайларына, тұрмыс жағдайларына алаңдаушылық танытып, барлық жағынан қолдау көрсетуде. Қазіргі әлем басына төнген дерттің салдары полиция қызметкерлерінің жұмыла жұмыс жасауын талап етеді. Осы тұста және өзге де полицияның тікелей міндеттерін атқаруда жас буынға ардагерлердің ақыл-кеңестері артық етпесі анық.
  Іс-шара барысында, ардагерлер департамент мұражайында болып, ондағы құнды жәдігерлермен танысты. Өздерінің қызметтік жолдарын, бастан кешкен оқиғаларын еске алып, осылайша өткен шаққа ойша сапар шеккендей керемет сезімде қалғандарын айтып жеткізді.
  Іс-шара ПД, қала, аудан кадр саясаты бөлімінің басшы құрамдары мен полиция ардагерлерінің қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Ашық алаң, еркін пікірталас жүргізіліп, ардагерлердің ұсыныстары мен сұраныстарына құлақ түрілді. Бүгінгі күнде,  Полиция департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаевтың тікелей тапсырмасымен қала, аудан бойынша әр учаскелік полиция пункттеріне бір-бірден ардагер тағайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ондағы мақсат – қазіргі кезде қызмет атқарушы полиция қызметкерлері мен ардагерлердің арасындағы байланысты нығайту, сонымен қатар, екі буындағы ойлар мен екі буындағы көзқарастарды тоғыстыра отырып, халықпен тиімді әрі тығыз байланыс орнату.
  Қандай жағдай болмасын полиция мен халықтың арасы алшақтап кетпеуі қажет. Осы мақсатта Полиция департаментінде полиция қызметкерінің имиджін қалыптастыруда тұрғылықты жұмыстар атқарылуда. Ал, ардагерлерді қазіргі полиция қызметіне араласуға жұмылдыру, имидж қалыптастыру барысындағы бір аспект болып есептеледі.
 
Әсерлі де мазмұнды өткен шара соңында ардагерлер Полиция департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаев пен басшы құрамға өз алғыстарын білдірді.
 
Дата публикации
13 ноября 2020
Дата обновления
13 ноября 2020
Тип
"Ардагер" журналы

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы