ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Өсімдіктерді қорғау және браконьерлікке қарсы күрес аясында бірнеше арнайы іс-шаралар ұйымдастырып өткізді

Жыл басынан бастап 10 ай ішінде облыс көлемінде Маңғыстау облысы Полиция департаменті қалалық және аудандық полиция бөліністермен бірлесе өсімдіктерді қорғау және браконьерлікке қарсы күрес аясында бірнеше арнайы іс-шаралар ұйымдастырып өткізді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысында табиғат қорғау заңнамасы бойынша 68 қылмыстық іс қозғалған.
Биыл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 335-бабы, яғни балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау бойынша 15 қылмыс тіркелген, оның ішінде 10 істің мерзімі үзілген, 5 қылмыстық іс өндірісте. Заңсыз аңшылық, яғни ҚР ҚК-нің 337-бабы бойынша 4 іс өндірісте. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша (ҚР ҚК-нің 339-бабы) – 40 материал. ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құралғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша 9 қылмыс тіркелген.
Көрсетілген мерзімде табиғатты қорғау заңнамасын бұзумен байланысты полицейлер 436 құқық бұзушылық анықтап, әкімшілік хаттама толтырған.
Нақтырақ айта кететін болсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы, яғни жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу бойынша – 133 хаттама толтырылып, сәйкесінше құқық бұзушыларға 46 715 теңге айыппұл салынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша (балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) – 62 хаттама толтырып, 1 181 760 тенге айыппұл салынды.
ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабында қарастырылған қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша 155 хаттама толтырды, 604 790 тенге айыппұл салынып, 406 650 теңге өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы «Азаматтық, қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, тәртібін бұзу» бойынша 83 құқық бұзушылық тіркеліп әкімшілік хаттамалар толтырылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабында көрсетілгендей жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауына байланысты 3 дерек анықталып, сәйкесінше хаттамалар толтырылды.
Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардан 2 539 келі бекіре тұқымдас балығы және 1 келі бекіре тұқымдас балықтарының қара уылдырығы тәркіленіп алынды. Сонымен қатар, құқық бұзушылардан 2 дана «Байда» маркалы қайығы, 6 дана тіркелмеген тегіс ұнғылы қару, 2 дана шолақ мылтығы, 2 дана газды тапанша және 5 дана қолдан жасалынған пышақ тәркіленіп алынды.
Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері жасақталған жүктеме жоспар бойынша рейдтік шаралар ұйымдастырып, одан әрі жұмыстарын жалғастыруда.

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы