
Ағымдағы жылдың 10-14 қараша аралығында Маңғыстау облысының аумағында "STOP-трафик" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Өңір полициясының басшысы Жанарбек Бақтыбаев атап өткендей, бұл іс-шара адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, анықтау және ашу мақсатында өткізіледі.
"STOP-трафик" жедел алдын алу іс - шарасын өткізу және жезөкшелікпен айналысатын адамдардың болуы мүмкін орындарын пысықтау барысында екі күн ішінде жедел уәкілдер 27 тұлғаны анықтады, оның ішінде Полиция департаменті - 21, Ақтау қаласы ПБ – 4, Бейнеу аудандық ПБ - 2.
Белгілі болғандай, төрт қыз Өзбекстан Республикасының азаматтары. Ұсталған қыздардың бірі жеке басын анықтау үшін Ақтау қаласының қабылдау-тарату орнына жіберілді.
Бейнеу аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орындарда тиісудің 4 фактісін анықтады және олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасақтады.
"STOP-трафик "жедел алдын алу іс-шарасы 14 қарашаға дейін жалғасады.