ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

102 Маңғыстау тұрғыны полицияға көмек көрсеткені үшін марапатталды

Маңғыстау облысының полиция басшысы Жанарбек Бақтыбаевтың бұйрығымен қылмыскерлерді іздестіруде, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және басқа да жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуде полицияға көмек көрсететін облыс тұрғындары марапатталды.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін полиция қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін атап өтті.
Қазіргі уақытта көптеген тұрғындар полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көмек көрсетуде.
Жыл басынан бері құқықтық тәртіпті нығайту ісінде белсенді көмек көрсеткен 102 қоғамдық көмекші 2,5 миллион теңгеден астам сомаға ақшалай сыйақымен марапатталды.
Сондай-ақ, азаматтар ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен қылмыстарды ашу жолында грамоталармен, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Жыл сайын полицияның қоғамдық көмекшілерінің саны артып келеді, бұл азаматтық қоғамның полицияға деген сенімін арттырады.
Олардың ақпаратының арқасында ағымдағы жылы 66 қылмыс ашылып, 690-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
 
Дата публикации
07 августа 2020
Дата обновления
16 августа 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы