Ақтау қаласы Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұрлық қылмысына күдікті ізін суытпай ұсталды.
Ағымдағы жылдың 9 тамыз күні сағат шамамен 21.00-де үйдің жанында тұрған автокөліктің ішінен "Samsung A7" маркалы ұялы телефон ұрланды.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер 32 жасар ер адамды анықтап, ұстады.
Ол осындай баппен бұрын сотты болған Ақтау тұрғыны екені белгілі болды.
Күдіктіге қатысты ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.