Ағымдағы жылдың 13 тамызында сағат 21.30-да Мұнайлы ауданының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында тәртіп бұзушылық фактісін анықтады.
Белгілі болғандай, букмекерлік кеңсе өз қызметін заңсыз жүзеге асырған.
Полиция айғақ зат ретінде 8 монитор, 7 жүйелік блок, 2 теледидар және 1 кассалық аппарат тәркіледі.
Осы факті бойынша жиналған материал Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.