ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

"102" операторлары күніне 600-ден астам қоңырау қабылдайды

Ағымдағы жылдың басынан бастап Ақтау қаласы ПБ жедел басқару орталығының "102" операторының пультіне 120 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, оның ішінде әртүрлі сипаттағы 15600-ден астам хабарлама тіркелді.
"Полиция қызметінде"102" операторларының жұмысы маңызды рөл атқарады. Бұл қызметтің басты міндеті-азаматтың хабарын жазып алу, оқиғаның қай түріне және қай аумақтық бөлімге қоңырау шалатынын дұрыс анықтау, барлық ақпаратты компьютерге арнайы бағдарламаны қолдана отырып енгізу", — деп атап өтті Маңғыстау полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.
"102" операторларының жұмыс күні жиыннан және таңғы нұсқаудан басталады, онда ағымдағы тәулікте Ақтау қаласының аумағында жасалған қылмыстар бойынша жедел ақпарат хабарланады.
Операторларға қылмыстар мен оқиғалар туралы неғұрлым маңызды ақпарат жеткізіледі. Операторлар бұл ақпаратты жұмыс дәптерлеріне жазып, содан кейін жұмысқа кіріседі.
"Кезекші бөлімнің міндеті қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен барлық хабарламаларды қабылдау болып табылады. Содан кейін біз келіп түскен барлық қоңырауларды қылмыс жасалған аумаққа жібереміз. Егер жол-көлік оқиғасы орын алса, патрульдік қызмет батальонының қызметкерлеріне ақпарат береміз. Күн сайын 102 оператор қызметіне 600-ге жуық қоңырау түседі. Сонымен қатар, 80-90 түрлі өтініштер, ал қалған қоңыраулар ақпараттық сипатта болады, яғни азаматтар газ, төлқұжат және басқа қызметтердің телефондарын білу үшін қоңырау шалады. Бұндай ақпаратты да біз береміз", — дейді Ақтау қаласы ПБ ЖБО аға инспекторы полиция майоры Руслан Каултаев.
Айта кету керек, бейнебақылау камераларының көмегімен жеті ай ішінде 13 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Құқық бұзушылықтың ең көп таралған түрі — жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның саны 8 мыңнан асады. Жыл басынан бері Ақтауда кезекші тәулікте 700-ден астам қылмыс ашылды.
Дата публикации
07 августа 2020
Дата обновления
13 августа 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
01 июля 2025
Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
11 января 2024
Маңғыстауда ауылдық учаскелік инспекторлар ұрланған әмиянды иесіне қайтарды

Социальные медиа

instagram
facebook.com
youtube.com
twitter.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы